13
ноябрь
2025
«Ақша тарихы мен болашағы: ұлттық валюта және заманауи қаржы мәдениеті»
Әділбеков Әлібек Талғатұлы, Қазақстан Ұлттық Банкінің Абай облысындағы филиалының жиынтық-экономикалық бөлімінің бас маман-экономисі. Кездесу барысында ол және әріптестері Ұлттық Банктің негізгі бағыттары, ақша-несие саясаты, инфляцияны реттеу тетіктері және қаржы секторының даму ерекшеліктері туралы көп нәрсе айтып, қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар, олар банк жүйесінің қазіргі жағдайы мен болашақтағы жоспарлары жөнінде пайдалы ақпараттармен бөлісіп, қатысушыларға құнды тәжірибе мен кеңес ұсынды.