"Парасат жолы" орталығы ашылды

2021 жылдың 15 наурызы күні отдела образования города Семейда «Парасат жолы» орталығы ашылды.
Орталықтың негізгі мақсаты - ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету.
Орталықта белгілі ақын, жазушы, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жалпы зиялы қауыммен және жастармен кездесулер, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық құндылықтарды кеңінен насихатталады.
«Парасат жолы» орталығында оқушыларға ақын-жазушылар, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жалпы зиялы қауыммен кездесулер ұйымдастырылады. Парасаттылық құндылықтары кеңінен насихатталып, қоғамда болып жатқан мәселелер талқыға түседі. «Парасат жолының» кітапханалардан басталуы заңды деп білеміз, себебі парасаттың қайнар көзі – кітапта.
Бұл оқушылар мен қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді шешімдер әзірлеу жөнінде жұмысқа тарту үшін бірегей алаң болмақ. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері көрме ұйымдастырды. Көрмеде сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне қатысты көптеген кітаптар мен журналдар, жарияланған ақпараттық материалдар көпшілік назарына ұсынылды. Заманауи үлгіде жабдықталған мектеп кітапханасы базасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастарды адамгершілікке тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға арналған электронды оқулықтар да жеткілікті. Сонымен қатар мектепте ұжымының жемқорлықпен күрес мақсатында белсенді жұмыс атқарылуда. Болашақта осындай жемқорлықтың алдын алуда бірлесіп жұмыс істеуге де шақырды. «Парасат жолы» орталығының ашылуының пайдасы зор .