Педагогикалық кеңес – 2025-2026 оқу жылы » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Версия для
слабовидящих
28
август
2025

Педагогикалық кеңес – 2025-2026 оқу жылы

Педагогикалық кеңес – 2025-2026 оқу жылы
1.    Бүгін гимназиямызда «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Отырыс мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету және жаңа оқу жылындағы педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін айқындау.

Кеңеске қонақ ретінде:
- Масалимова Бақытгүл Ешенғазиновна, Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қатысты.

Күн тәртібінде:
📌1. 2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы Әдістемелік нұсқау хатқа шолу. 
М.Ж.Сагындыкова, директордың бейіндік оқыту  жөніндегі орынбасары
 
📌2.    “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының мәселелеріА.С.Зейтова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
 
📌3.    “Мұғалім мәртебесі – өзара сыйластық пен кәсіби этикадан басталады”С.К.Сексенбаева, “Лучший педагог”
 
📌4.    2025-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізу, білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидаларыЗ.О.Кармысова, ағылшын тілі мұғалімі
 
📌5.    2024-2025 оқу жылының қорытындысы, жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралыС.М.Токсеитова, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
 
📌6.    Білім алушыларды тамақтандыруды мақсаты мен міндеттерін анықтау және «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылуыШ.А.Толеуова, әлеуметтік педагог
📌7. «Досболайық» буллингті алдын алу бағдарламасын енгізу
Р.А.Байшокенова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
 
Кеңес қорытындысында 2025-2026 оқу жылындағы жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, білім сапасын арттыру, функционалдық сауаттылықты дамыту, жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізу және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету басты бағыттар ретінде айқындалды.

Жаңа оқу жылы құтты болсын! Бірге даму мен сапалы білімге қадам басайық!
Наш адрес
Семей қаласы, Байтұрсынов улица, 38 дом

©2016-2024, Ресми сайт Абай облысы білім басқармасының Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» Восточно-Казахстанской области
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru