2019-2020 оқу жылының алғашқы қоңырауы салтанаты » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Версия для
слабовидящих
» » 2019-2020 оқу жылының алғашқы қоңырауы салтанаты
02
сентябрь
2019

2019-2020 оқу жылының алғашқы қоңырауы салтанаты

Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді гимназиясының 2019-2020 оқу жылының алғашқы қоңырауы салтанатты түрде өткізілді. 1 қыркүйек Білім күнімен құттықтап келген қонақтар, ата-аналар мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас бүлдіршіндердің өнерін тамашалай отырып, ыстық лебіздерін білдірді. Салтанатты жиында ҚР Білім және ғылым Министрлігінің жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін бастауыш сынып мұғалімі Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызына " Ы.Алтынсарин төсбелгісі" табысталды. Сонымен қатар, жаз мезгілінде Республикалық, облыстық жарыстарда бірнеше жыл қатарынан жетістікке жетіп жүрген "Жас Қыран" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері марапатталды.Оқушылармен қатар жеңіс тұғырынан көрінген Жакупов Шалқар Асқарбекұлына да құрмет көрсетілді. Алдыңғы аға буындардың ізін жалғайтын, әскери жарыстардан мектебімізді жетістікке жеткізетін жаңа оқу жылында тұңғыш рет «Жас Сарбаз» сыныбы ашылды. Жаңа оқу жылы толағай табыстар әкелсін деген тілектермен салтанатты жиын " Саналы ұрпақ- жарқын болашақ" атты сынып сағаттарымен жалғасты.




Наш адрес
Семей қаласы, Байтұрсынов улица, 38 дом

©2016-2024, Ресми сайт Абай облысы білім басқармасының Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» Восточно-Казахстанской области
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru