06
ноябрь
2025
“Coffee break” форматындағы бейресми отырыс өтті.
5 қараша күні гимназиямызда директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Сагындыкова Молдир Жаныбековна мен гимназия психологы Жагипарова Айгерим Бактытовнаның бірлесе ұйымдастыруымен бірлестік жетекшілеріне арналған “Coffee break” форматындағы бейресми отырыс өтті. ☕️✨
🧩Отырыстың алғашқы бөлігінде гимназия психологы «Калейдоскоп» ойыны арқылы ұжымдағы бірлестік пен өзара сенімді нығайтып, әріптестер арасында жылы әрі жағымды ахуал орнатты.
Екінші бөлімде директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары I тоқсанның қорытындысы, II тоқсанға арналған жоспар, мұғалімдердің біліктілік санатын алу/растау, біліктілікті арттыру курстары және апталықтардың өткізілу уақыты жөнінде нақты ақпарат беріп, алдағы жұмыс бағыттарын айқындады.
Мұндай бейресми кездесу әріптестер арасындағы байланыс пен серіктестікті арттырып, тиімді коммуникация орнатуға мүмкіндік берді және де жаңа тоқсанда сапалы жұмыс жасауға үлкен мотивация алды.