«Білім өркениетінен – ғылым көкжиегіне» атты Ғылым күні » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Версия для
слабовидящих
» » «Білім өркениетінен – ғылым көкжиегіне» атты Ғылым күні
01
май
2025

«Білім өркениетінен – ғылым көкжиегіне» атты Ғылым күні

🔸«Білім өркениетінен – ғылым көкжиегіне» атты Ғылым күні

Гимназия қабырғасында дәстүрлі Ғылым күні аталып өтті. Бұл іс-шара оқушылардың ғылыми әлеуетін танытуға бағытталды.

Іс-шараның алғашқы бөлімі – салтанатты ашылу рәсімімен басталды. Онда халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі ғылыми жобалар байқауларында топ жарған жеңімпаз-зерттеушілердің шеруі өтті. Бұл — ғылымға құштар жас ұрпақтың тынымсыз еңбегінің, ізденіс пен табандылықтың айқын көрінісі болды.

Ашылу салтанатының екінші бөлімі «IT – келешегі кемел сала» тақырыбына арналды. Бұл кезеңде оқушылар өздері құрастырған роботтық жобалар мен IT, жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша зертханалық жұмыстарының нәтижелерін паш етті. Цифрлық технология мен инновацияға негізделген бұл жобалар көрермендерді таңдай қақтырды.

Секция жұмыстары барысында оқушылар өз ғылыми жобаларын PhD докторларынан құралған кәсіби қазылар алқасы алдында сәтті қорғады. Әрбір жоба өзектілігімен, зерттеу тереңдігімен, практикалық маңыздылығымен ерекшеленді. Қазылар оқушылардың ғылыми мәдениеті мен болашақ зерттеуші ретіндегі әлеуетін жоғары бағалады.

Ғылым күні – бұл тек бір күндік шара емес, бұл – болашақ ғалымдарды тәрбиелеуге бағытталған сапалы білім мен зерттеуге деген құштарлықтың бастау бұлағы. 
Наш адрес
Семей қаласы, Байтұрсынов улица, 38 дом

©2016-2024, Ресми сайт Абай облысы білім басқармасының Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» Восточно-Казахстанской области
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru