13
май
2025
Бастауыштан- орта буынға» атты педконсилиум өткізілді.
2025 жылы мамырдың 13-і күні «Бастауыштан- орта буынға» атты педконсилиум өткізілді. Педконсилиумға гимназия әкімшілігі, 4-сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, гимназия психологтары және болашақ 5-сынып жетекшілері қатысты. Мақсаты: Білім алушылардың тұлғасын барлық параметрлері бойынша (педагогикалық және психикалық дамуын, дамуындағы әлеуметтік жағдайды, денсаулық жағдайын, педагогикалық әрекеттердің оңтайлылығын) есепке алу арқылы жаңа ортаға бейімделуін, тез қалыптасып кетуін қарастыру; 4-сынып оқушыларының орта буынға дайындық деңгейін анықтау; Бейімделу үдерісінде кездесетін қиындықтарды алдын ала болжау және оларды шешу жолдарын ұсыну. Педконсилиум барысында әр маман өз бағытында талдау жасады (психолог, сынып жетекші, пән мұғалімдері). Болашақ 5-сынып жетекшілеріне (5 «А» сыныбы- Оспанова Динара Тоқабайқызы, 5 «Ә» сыныбы- Сарқытбаева Гулнар Рашитовна, 5 «Б» сыныбы- Заманбекова Мөлдір Тұрдыханқызы, 5 «В» сыныбы-Қалибекова Ақмарал Серікқызы) сынып туралы толық мәлімет беріліп, таныстырылды және алдағы уақытта тығыз педагогикалық байланыста болуы ұсынылды. 





