«Жердің сырын танытқан – ардагер ұстаз» атты тағылымды кездесу кеші өтті. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Версия для
слабовидящих
» » «Жердің сырын танытқан – ардагер ұстаз» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
03
ноябрь
2025

«Жердің сырын танытқан – ардагер ұстаз» атты тағылымды кездесу кеші өтті.

3 қараша 2025 жыл
гимназиямызда «Жердің сырын танытқан – ардагер ұстаз» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
Бұл кештің басты қонағы – өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап, география пәнінің қыр-сырын терең меңгертіп, талай шәкіртке жол көрсеткен ардагер ұстаз Тотығұс Күмісбекқызы болды.
Кездесу барысында ұстазымыз өз өмір жолы мен еңбек жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, жас мамандарға ақыл-кеңесін айтып, жүрекжарды тілегін білдірді. Оның әрбір сөзі тыңдарман жүрегіне жылылық ұялатты.
Кеш соңында оқушылар ардагер ұстазға арнап өз өнерлерін паш етіп, ыстық ықылас пен ізгі лебіздерін жеткізді. Бұл сәт ұстазға деген құрмет пен алғыс сезімін айқын көрсетті.
Осындай тағылымды кездесулер — ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ұстаз еңбегінің ұлылығын дәріптейтін маңызды дәстүр.
Құрметті Тотығұс Күмісбекқызы! Сіздің саналы ғұмырыңыз, шәкірттерге арнаған еңбегіңіз – мәңгілік өнеге, алғысқа толы өмір жолыңыз – барша ұстаздар үшін үлгі.​https://www.instagram.com/reel/DQmha4sjHFt/?igsh=bHY0Ym8wazZ4cmls​​​
Наш адрес
Семей қаласы, Байтұрсынов улица, 38 дом

©2016-2024, Ресми сайт Абай облысы білім басқармасының Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» Восточно-Казахстанской области
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru