“ Ұлы халықтың - ұлы Абайы ” атты Абайдың қара сөздерінен пікір алысу » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Версия для
слабовидящих
» » “ Ұлы халықтың - ұлы Абайы ” атты Абайдың қара сөздерінен пікір алысу
10
март
2020

“ Ұлы халықтың - ұлы Абайы ” атты Абайдың қара сөздерінен пікір алысу

“ Ұлы халықтың - ұлы Абайы ” атты Абайдың 

қара сөздерінен пікір алысу



Мақсаты: 

  • Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін салыстыра отырып,қара сөздерінің мәнін аша білуге үйрету,оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.
  • Қара сөз туралы жалпы мәлімет ала отырып, ақынның қара сөз жазудағы мақсатын түсіну, ақынның айтар ойын анықтау;
  • Қара сөздің идеясы арқылы оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, адами құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу;

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының мамандары үшін 8 “Ә” сынып оқушылары дайындаған ашық сабақ   тосын сый болды. Ашық сабаққа барлық оқушылар қатысты, олар Абайдың “Қара сөздерін” қазақ және ағылшын тілдерінде нақышына салып оқып қана қоймай, оқылған мәтінді талдады.


1-жүргізуші:
 Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы  мәңгі өмір сүре бермек!
 Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

2 - жүргізуші –

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “ Ұлы халықтың - ұлы Абайы ”атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!


1 жүргізуші  Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған..Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы бұрынғы Семей облысында өткен.     

 2  жүргізуші   Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған.Әкесі - тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын - туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Міне, сәби шағынан - ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез - құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз - әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала - Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.

1 жүргізуші  Абай 10 - 12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды.Осы 4 жылдық медреседегі және 3айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. 20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренеді. 

1 жүргізуші    Ақынның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918ж Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді.Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз тілдеріне аударылды.

1сөз – Торежанова Медина

2сөз –Алдабергенова  Елназ

3сөз –Чалкаров Нуржан

4сөз –Аскарбекова  Жанель

5сөз – Нұрланова Акерке

6сөз – Оралбекова Гулназ


7сөз – Бейсенғали Ильяс

8сөз – Медет Нұрмұхамед

9сөз – Джумадилова  Сымбат

10сөз -  Бақытқазықызы Айдана

11сөз –Алиева Айша

12сөз - Далелова Нуржамал



1 жүргізуші    Қол соғып,қошемет көрсетіп отырайық!

2  жүргізуші - Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!


 Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:
 1 жүргізуші. Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?(Көкбай ).
 2 жүргізуші    Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта)  
  1 жүргізуші.     Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).
 2 жүргізуші    Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

1 жүргізуші.    Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
 2 жүргізуші      Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).
  1 жүргізуші.    
«Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет Байтұрсынов).
 
2 жүргізуші   Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

 Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан  жалғастыр, (Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма 

 Жылқы ойнап бие қашқан, тай жарысқан? Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрыңғыдай,Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.Қайыршы шал кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айырылған ағаш қурай.)

  2 жүргізуші   Енді Абай атамыздың қара сөздеріне тағы құлақ салып, мұқият тыңдайық.

13сөз – Кудайбергенова Камила

 14сөз – Муратов Санжар

15сөз – Сериказы Наргиз

16сөз - Скакова Алтынай

17сөз – Алтынай Кенжегалиева

18сөз – Ясинова Дильназ

19сөз – Жуманов Мирас 


20сөз – Нигметпеков Мирас 

21сөз – Жуматаева Анель

 22сөз – Акылгалиева Аяжан

23сөз – Абдикаримов Рамазан

24сөз –Төлеуғазы Жулдыз

25сөз – Кенжегалиева Гулим


  2 жүргізуші   Жарайсыңдар!

1 жүргізуші    Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?

( 1909 жылы Петербургта).
   2 жүргізуші   « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).
  1 жүргізуші    Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)


2 жүргізуші    Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі – қара сөздері. Абайдың қара сөздері  – ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.

1 жүргізуші    Ақынның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918ж Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді.Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз тілдеріне аударылды. Енді Абай атамыздың қара сөздерің мұқият тыңдайық.


Құрметті сыныптастар  белсенді   қатысқандарыңа рахмет!

«Абайды оқы, таңырқа!»  






Наш адрес
Семей қаласы, Байтұрсынов улица, 38 дом

©2016-2024, Ресми сайт Абай облысы білім басқармасының Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» Восточно-Казахстанской области
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru