«Абай әлеміне саяхат» » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Версия для
слабовидящих
10
март
2020

«Абай әлеміне саяхат»

«Абай әлеміне саяхат» 
атты ақпараттық сағат
Кітапхана –білім мен ғылым ордасы

Әр дәуір, әр кезеңнің өз шежіресін жасайтыны белгілі. Көнені көзден  өткізе отырып жаңамен сабақтастыру, жалғастыру, кешегі өткенді оқушылардың ой-санасына  құю арқылы  кітапхананы  тарихын дәріптеу біздің басты мақсатымыз болмақ. Осы ниетте, 2020 жылдың 03 наурызында сынып жетекшісі Акмолаева Зауре Нургазыевна мен мектеп кітапханашысылары Тобықбаева Гульжанар Муратбековна  Сакаева Динара Нурбековнаның басшылығымен 8 «Ә» сынып оқушылары Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасын тамашалап қайтты.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында Абай атындағы кітапханада «Абай әлеміне саяхат» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды. 8 «Ә» сынып оқушылар үшін кітапхана бойынша экскурсия жүргізіліп, кітапхана тарихын, кітапхананың құрылуы мен ұйымдастыруындағы Абай мен оның орыс достарының рөлі туралы айтылды.
 Оқушылар Абайдың кітапхананың тұрақты оқырманы болған туралы, оның кітапхана қабырғасында Е. П. Михаэлис, П. Д. Лобановский, С. Гросс және басқа да саяси жер аударылғандармен танысуы, сонымен қатар, олардың  Абаймен бірге қаламыздың қоғамдық өміріне белсене ат салысқаны жайында ақпаратты үлкен қызығушылықпен тыңдады. Абайдың рухани орталығында оқушылар Абай оқыған кітаптармен, оның әлем тілдеріндегі мұрасымен, 1936 және 1939 жылдары латын әліпбиінде шыққан Абайдың кітаптарымен танысты.
 Іс-шара барысында оқушылар Абайдың достары болған және Қазақстан даласында өз мерзімін өтеген саяси жер аударылғандардың жұмыстарымен, Батыс-Сібір Орыс Географиялық Қоғамы және Семей облыстық статистикалық комитетінің Семей бөлімшесінің басылымдарымен, оның беттерінде Абайдың қоғамдық қызметі, сондай-ақ Батыс ойшылдары мен философтарының еңбектерімен, орыс және еуропалық классиктері Л. Толстой, В. Жуковский, А. Пушкин, И. Крылов, М. Лермонтов, У. Шекспир, Ф. Шиллердің, И. Гете, Дж.Байрон, Г.Андерсен  және ақын үшін таным сатысына айналған басқа да авторлардың баға жетпес еңбектерімен танысты.
Абай атындағы кітапхана маманы Қ. Кенжебекұлының орындауында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай»  және  «Қараңғы түнде тау қалқып» Абайдың Гетеден қазақ тіліне аударып жазған әнін орындады. 


Наш адрес
Семей қаласы, Байтұрсынов улица, 38 дом

©2016-2024, Ресми сайт Абай облысы білім басқармасының Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» Восточно-Казахстанской области
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru