01
июль
2020
Тлеуғалиева Ақбала (122 балл)
Мен, Тлеуғалиева Ақбала, 2019-2020 оқу жылының түлегімін. Биылғы оқу жылы біз үшін өте ерекше болды. Себебі төртінші тоқсанды біз қашықтықта оқыдық. Алайда, сол уақыт аралығынан бері ұстаздарымыз бізбен байланысын бір сәтке де үзген жоқ. Үнемі бізді барынша қолдап, ЕНТ сынағына дайындады. Сонымен қатар біз Testcenter орталығы ұсынған 70 тегін нұсқа арқылы дайындалдық. Ең алдымен, ұстаздарымыздың содан кейін өзіміздің еңбегіміз арқылы біз ЕНТ сынағынан жоғары ұпайлар жинадық. Менің осы мектеп қабырғасында алған тәлім – тәрбием және алған білімім маған өмір бойы арқау болатынына сенімдімін!