15
ноябрь
2021
Мектебіміздегі интеллектум үйірмесі
Мақсыты: Стратегиялық ойындар арқылы білім алушының жаңаша ойлауын арттыру. Ойлау, жаңаша ойлау, көрнекі ойлау арқылы мықты стратег болып өсуіне ықпал жасау.
Міндеттері:Визуалды қабылдау заттың түсін, пішінін, мөлшерін, көлемін, бағытын үйренеді.
Креативті ойлау, қиялын дамыту, қиялындағы пішіндерді сыза отырып көрсете білуге дағдыланады.
Стратегия, яғни шешімі күрделенген жағдайда тығырықтан шығу жолын қарастыру, белгілі бір нәтижеге жету жолында жаңа жоспар құрастыру, кез келген мәселеге басқа тұрғыдан қарай білу, шешім шығаруда өзіндік стиль құрай алу, болып жатқан жағдайды түсіндіре білу, таңдауға берілген көп нұсқадан жалғыз оң шешімді қабылдай білу және ең тиімді жолды таңдағанына көз жеткізуге үйренеді.


