Мектебімізде "Қол добы" спорттық үйірмесі жұмыс жасауда
Жаттықтырушысы: Отынбаева Г.Б.
Мақсаты: Гандбол ойынын мектепте оқу және сыныптан тыс жұмыстарда ойынның техникасы мен тәсілдерін кәсіби деңгейде меңгерту.
Оқушылардың арнайы біліктілік пен дағдыларын ұйымдасқан түрде қалыптастыру.
Мүмкіндігінше қарсылас топтың қақпасына көбірек доп лақтыру.
Ойынға 7 адамнан (6 алаңдық және 1 қақпашы) тұратын екі команда қатысады. Егер жарыс өтіп жатса, әр командада 5 қосалқы ойыншыларының болуы мүмкін. Ойыншыларды шектеусіз ауыстыруға болады. Тек қақпашыны ғана қосалқы бір қақпашы ауыстыра алады.
Ойынды көлемі 20х40 м болатын алаңда , оқушылар үшін көлемі 24х12 немесе 18х9 өткізеді.
Қақпалар футбол қақпаларына ұқсас, бірақ өлшемі азырақ – 2х3 м. Олардың алдында радиус 6 м. қақпашы аймағын сызып қояды. Бұл аймақта тек қана қақпашы ойнай алады. Ойынның ұзақтығы – 60 мин (әр қайсысы 30 минуттан тұратын 2 тайм). Үзіліс – 10 мин. 12- 13 жастағы қыздар мен ұлдар үшін 10 минуттық үзілісі бар 40 мин (әр қайсысы 20 минуттан тұратын 2 тайм).
Қол добының салмағы – 425-475 грамм, ал қыздар мен жеткіншектер үшін 325-400 грамм, сыртқы шеңбер ұзындығы
58-60, 54-56 см болады.