Мектебімізде хор және вокал үйірмесі жұмыс жасауда » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Версия для
слабовидящих
» » Мектебімізде хор және вокал үйірмесі жұмыс жасауда
10
ноябрь
2021

Мектебімізде хор және вокал үйірмесі жұмыс жасауда

Хор үйірмесі 48 оқушыдан құралған: 5 «В», 7 «А» сыныптары

Мектепте ұйымдастырылатын хор үйірмесі оқушылардың шығармашылық дамуына жол ашады. Хор үйірмесі баланың есте сақтау, тыңдау қабілеттерін арттырып, өзін-өзі ұстай білуге, жеке басының мүддесін ұжымға бағындыруға, қиялы мен еркін бақылау жасауға септігін тигізеді.

Ұстаздың әр сыныптағы оқушылардың бастарын қосып, хор ұжымын ұйымдастыру жүмысы музыкалық тәрбиенің басты салаларының бірі. Адам жеке басының жан-жақты дамуына, психологиялық мінез-құлыктың дұрыс қалыптасуына хор құрамында ән айту өнері үлкен әсер етеді. 

Мақсаты:

• хормен ән айту мәдениетінің негізін оқушыларда ұйымдастыру; 

• теориялық білімдер жүйесі, практикалық ептілік және хор айту дағдысымен жұмыс істеу.

• оқушыларды өнер құндылықтарын сезіну, таза және мәнерлі ән салу, тіл, сөз өнерін меңгеру, олардың бойында адамгершілік-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, шығармашылықтарын арттыру болып табылады.

Міндеттері:

• оқушылардың хормен ән айту қызушылығын баулу, оның қажетілігін көрсету;

• ән салатын дыбыстың пайда болу дағдыларының дағдысын және шеберлігін ұйымдастыру;

• Қазақ және әлем халқының вокалды шығармашылық үлгілермен танысу;

Хор ұжымын ұйымдастыру жұмысы оған оқушыларды қабылдауға арналған талаптардан басталады. Бұл талап та, ең алдымен, оқушылардың музыкалық ән айту қабілеттерін тыңдап, байқау жұмысынан тұрады. Балалардың дауыс мөлшерін анықтауға барынша көңіл бөлінгені дұрыс.
         Хормен  дайындық жұмысы кезең-кезеңмен жүргізіліл, ол әрбір жаңа әнді жан-жақты таныстырумен басталғаны орынды. Хорға шығарманы үйрету жұмыстары әннің сөздерін жаттатудан басталады.

Вокал үйірмесі:

Пәннің мақсаты және тапсырмасы

  • Вокалдық шеберлікті иелену; 
  • музыкалық білімді қабылдау; 
  • вокалдық техникалық білімді қабылдау және өркендеу;
  • жан – жақты дамытылған тұлғаны тәрбиелеуге назар аудара отырып, кәсіби орындау шеберлігі қалыптасқан, вокал өнерін толыққанды меңгере алатын, өз бетінше жұмыс істеуге қабілетті өнер иелерін даярлау.

Пәннің міндеті:

  • әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауыста вокалды-техникалық жағынан жетілдіру;
  • резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдана алу;
  • оқушылардың вокалды-эстрадалық білімін нығайта отырып, сахнада ән салу мәнерін  үйрету;


Наш адрес
Семей қаласы, Байтұрсынов улица, 38 дом

©2016-2024, Ресми сайт Абай облысы білім басқармасының Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» Восточно-Казахстанской области
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru