«Лучший педагог – 2025» » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Версия для
слабовидящих
25
октябрь
2025

«Лучший педагог – 2025»

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық «Лучший педагог – 2025» байқауының қорытындысы жарияланып, Республика күні қарсаңында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде министр Жұлдыз Сүлейменова жеңімпаз ұстаздарға «Лучший педагог» куәлігі мен төсбелгісін және 1000 АЕК көлеміндегі сыйақыны табыстады.

Сол үздіктердің қатарында – «Лучший 100 мектеп – 2025» тізіміне енген Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының тарих пәні мұғалімі, облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпазы, педагог-зерттеуші Жумабекова Гульмира Бектемировна бар.

Айта кетсек, бұл байқау республика көлемінде 12-рет өткізіліп отыр. Оның ішінде тарихы терең Шәкәрім атындағы көбейінді #5 гимназиядан республикалық деңгейде 5 үздік ұстаз, ал облыстық деңгейде 2 ұстаз «Лучший педагог» атанып, білім ордасының мәртебесін асқақтатып келеді.

Қала ,облыс ұстаздары атынан Жумабекова Гульмира Бектемировнаны және гимназия ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! 
Бұл жетістік – ұстаздың еңбегі мен мектептің сапалы білім беру жолындағы табанды ізденісінің айғағы.​https://www.instagram.com/reel/DQRElU2AKNz/?igsh=MXhtMWVuNDNnM3NkNQ==​​​


Наш адрес
Семей қаласы, Байтұрсынов улица, 38 дом

©2016-2024, Ресми сайт Абай облысы білім басқармасының Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» Восточно-Казахстанской области
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru