Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған
Желтоқсанның 12-ші жұлдызында “№13 ЖОББМ” КММ Қазақ КСР және КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған “Өнерге толы өмір” тақырыбындағы қалалық “TEDx” жобасын ұйымдастырды. Жобаға гимназиямыздың 9”Б” сынып оқушысы Канапиянова Ляйля қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 🔸Жетекшісі: Д.Т.Сулейменова