Тәрбие » Страница 29 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
Восточно-Казахстанской области
Приемная
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Версия для
слабовидящих
«Мектепке жол» акциясы
31
июль
2023
«Мектепке жол» акциясы
Жаңа 2023-2024 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында 2023 жылғы 1 тамыз бен 30 тамыз аралығында республикада «Мектепке жол» акциясы жарияланды. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға балаларды мектепке дайындау және киім-кешек, аяқ киім, кеңсе тауарлары және т.б. жетіспеуіне байланысты балалардың мектепке бармауына жол бермеу үшін қолдау көрсету. Қайырымдылық көмек белгілі бір отбасына, мектепке
Лагердің 10-күні. «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің 2 апталық жұмысының «Қош бол, лагерь!» атты жабылу салтанаты өтті.
16
июнь
2023
Лагердің 10-күні. «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің 2 апталық
Жабылу салтанатына 4 топтың оқушылары белсенді қатысып, әр топ оқушылары өз өнерлерін көрсетіп,ән салса, бір топ флешмоб билеп, қызықты сұрақтарға жауап берді. «Әрқашан күн сөнбесін» тілек айту сағатында  балалар бір-біріне ыстық лебіздерін білдіріп, қоштасты. Жазғы мектепішілік сауықтыру лагері өз жұмысын ойдағыдай өткізіп, тәрбиешілер мен машықкерлер  жоспар негізінде жұмыстар атқарып, балалардың көңілдерінен жоғарғы дәрежеде шықты. #balademalys2023 
Жазғы лагердің 9-күні. "Ашық апсан астында ойындар" және "Табиғат аясында түрлі түсті демалыс " ұйымдастырылды.
15
июнь
2023
Жазғы лагердің 9-күні. "Ашық апсан астында ойындар" және "Табиғат
"Шәкәрім атындағы көпбейінді 5 гимназия жанындағы "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің 2-ші апта жұмыс жоспары бойынша "Ашық апсан астында ойындар" және "Табиғат аясында түрлі түсті демалыс " ұйымдастырылды. Ойын 3 турдан тұрды: *Кедергілерден өту; *Кім жылдам; *Секіртпе. Сайысқа 4 топтың оқушылары белсенді қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Ұйымдастырушы тәрбиешілер: А.Шакарова А. Оспанова Машықкер: А. Мекешева. #balademalys2023 
Жазғы лагердің 8-күні. «Балдаурен» мектепалды жазғы сауықтыру лагерінде «Биле, биле» би байқауы өтті.
14
июнь
2023
Жазғы лагердің 8-күні. «Балдаурен» мектепалды жазғы сауықтыру
 Балалар бір-бірімен «Әріптер», «Дене мүшелерінің биі», «Шармен билеу», «Парақ үстіндегі би», «Достық» билерін билеп жарысты. Жеңімпаз топтар анықталып, І орын жеңімпаздары, «Биші балапандар», «Өнерлі бишілер», «Танцор диско» номинациялары беріліп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Топтар арасында «Алақай, жаз!» сурет сайысы ұйымдастырылды. Балалардың сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру мақсаты жүзеге асты. #balademalys2023 
Жазғы лагердің 7 күні. "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің оқушылары АБАЙ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫна барып, «Арыстан патшалығы» ертегісін тамашалады.
12
июнь
2023
Жазғы лагердің 7 күні. "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің
Мақсаты: Оқушыларды театр қойылымдарына апару арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, мәдени орындарға бару белсенділігін қалыптастыру және  мәдени-эстетикалық тәрбие беру болды. Ертіс жағалауында серуен кұрып, көңіл көтерді. #balademalys2023 
Жазғы лагердің 5 күні. "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің 5-ші күнгі жоспары бойынша "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
09
июнь
2023
Жазғы лагердің 5 күні. "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің 5-ші
Іс-шара мақсаты - балалардың тапқырлығын, қырағылығын, икемділікке, шапқыншылығын дамыту. Сайысқа 4 топтың оқушылары белсенді қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Ұйымдастырушы тәрбиешілер: Шакарова А., Оспанова А. Машықкер: Мекешева А.  
Жазғы лагердің 4-күні. "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінде "Нептун күні" аталып өтілді.
08
июнь
2023
Жазғы лагердің 4-күні. "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінде "Нептун
Іс-шара мақсаты: балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Абай облысының құрылуына 1 жыл толуына орай "Болашаққа - Абай жолымен"  мәдени іс-шара өтті. Мақсаты: тәрбиеленушілердің Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен нақыл сөздерімен таныстырып, өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандырып, жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Жазғы лагердің 3-күні. Балалар G-Cinema Park кинотеатрында  «Русалочка» отбасылық фантазиялық кинофильмін тамашалады.
07
июнь
2023
Жазғы лагердің 3-күні. Балалар G-Cinema Park кинотеатрында
«Русалочка» ертегісі мейірімділік пен жанқиярлықты үйретеді. Мақсаты: балаларды сергіту және бір-бірімен тығыз қарым-қатынасты нығайту. Ертегі арқылы балаларды өз мақсатынан бас тартпай, ойлағанын жүзеге асыруға үйрету. #balademalys2023 
Наш адрес
Семей қаласы, Байтұрсынов улица, 38 дом

©2016-2024, Ресми сайт Абай облысы білім басқармасының Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» Восточно-Казахстанской области
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru