«Әлия ерлігі өшпес тарих» әдеби еске алу кеші » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Әлия ерлігі өшпес тарих» әдеби еске алу кеші
26
апрель
2019

«Әлия ерлігі өшпес тарих» әдеби еске алу кеші

«Әлия ерлігі өшпес тарих» әдеби еске алу кеші

(Жерлес жазушы Жекен Жұмахановтың туғанына 105 жыл және

Кеңес Одағыныңы Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл)


Жекен Жұмаханов – майдан шебінде жүріп, қазақтың атақты батыр қыздары, Кеңес Одағының Батырлары Әлия Модағұлова, Мәншүк Мәметоваға көзі тірісінде жолығып, сөйлесіп қалған санаулы қаламгерлердің бірі. Соғыстан кейінгі жылдары да Әлия, Мәншүк туралы повестер, естелік әңгімелер жазып, жеке кітап етіп бастырды. 

 Бүгінгі 7 «А» сыныбы оқушылары арасында өткен әдеби еске алу кешіне жазушының «Әлия Молдағұлқызы» атты повесі алынды. Кеш барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін тың деректермен танысты. Жас оқырмандар повест желісімен берілген Әлия туралы  мәліметтермен де танысып,  пікір алысты. Сонымен бірге 1975 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан «Арулар отты жылдарда» атты кітабынан Сапураға жазған хаты, күнделігінен үзінді де осында қайта жаңғыртылып оқылды. Кеш соңында   оқушылардың шығарманы оқудағы зейіндерін білу мақсатында жоғарыда өздері танысқан Әлияның өткен өмір тарихынан сұрақтар қойылды. Оқушылар Әлия апалары жайлы аз білмейтіндіктерін, құлақтарының түрік болғандығын аңғартты.