Әлеуметтік-психологиялық қызмет » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
07
октябрь
2026
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
«Бір толқында» атты психологиялық тренинг педагогтерге арналған «Психологиялық денсаулықты сақтау» 10 күндігі аясында ұйымдастырылды. Тренинг барысында педагогтер арасында өзара сенім мен қолдауды нығайту, тиімді қарым-қатынас орнату, командалық бірлікті арттыру және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған жаттығулар жүргізілді. 🤝✨ Бір-бірімізді түсініп, қолдап, бір толқында болайық! 💚​https://www.instagram.com/reel/DeL20bkgrhQ/?stkn=MXNkZmhrZDc1NXB4Mg==​​​
11-сынып оқушыларына арналған тренинг
23
сентябрь
2026
11-сынып оқушыларына арналған тренинг
«Мен және менің болашағым: таңдау, қысым және өзіме сенім» 11-сынып оқушыларына арналған тренинг барысында мамандық таңдау, ҰБТ алдындағы қобалжу, ата-ана мен қоғамның күтуі, өзгені өзімен салыстыру және қателесуден қорқу сияқты маңызды мәселелер қозғалды. Оқушылар өз эмоцияларын түсініп, қысым жағдайында дұрыс шешім қабылдау, өз таңдауына сену және болашаққа алаңдаушылықты жеңілдетудің тиімді жолдарын қарастырды. ✨ Өз жолыңды табу — өзгеге ұқсаудан емес, өзіңді түсінуден басталады.
Махаббат пен мейірімге толы «Жүректер диалогы»
06
март
2026
Махаббат пен мейірімге толы «Жүректер диалогы»
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «Жүректер диалогы» бірыңғай іс-шарасы аясында гимназиямызда аналары мен қыздарының қатысуымен ерекше тренинг өткізілді. Тренингтің басты мақсаты – ана мен қыз арасындағы сенім, түсіністік пен жүректен шыққан жылы сөздердің маңызын сезіндіру. Іс-шара барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, бір-біріне алғыс айтып, жүрекке жететін әсерлі сәттерді бірге өткізді. Жылы диалог, шынайы эмоциялар мен отбасы құндылықтары туралы ой бөліскен
11-сынып оқушыларына арналған психологиялық-қолдау бағытындағы тренинг өтті.
20
январь
2026
11-сынып оқушыларына арналған психологиялық-қолдау бағытындағы
📌 11-сынып оқушыларына арналған қолдау тренингі өтті Жас мамандардың ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына арналған психологиялық-қолдау бағытындағы тренинг өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге эмоционалдық қолдау көрсету, ашық әңгіме арқылы ішкі сенімділікті арттыру және өмірлік таңдау кезеңінде өз ойы мен сезімін еркін білдіруіне мүмкіндік жасау. Тренинг барысында оқушылармен өмірлік құндылықтар, болашаққа деген көзқарас, жауапкершілік пен өз-өзіне сенім тақырыптарында
"16 күн зорлық-зомбылықтың алдын алу" акциясы аясында
04
декабрь
2025
"16 күн зорлық-зомбылықтың алдын алу" акциясы аясында
"16 күндік зорлық-зомбылықтың алдын алу" акциясы аясында 6,10  сынып оқушылары арасында  "Отбасындағы жанжал мен зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында тренинг өтті. Мақсаты: түсіністік пен құрметке негізделген қарым-қатынас.  Эмоциялық қысым мен зорлық- зомбылықтың бала психологиясына әсері. Алдын алу бойынша бірнеше жаттығулар жасалынды.
«Позитивті ойлаудың күші» тақырыбындағы мұғалімдерге арналған шебер-сынып
14
ноябрь
2025
«Позитивті ойлаудың күші» тақырыбындағы мұғалімдерге арналған
«Позитивті ойлаудың күші» тақырыбындағы шебер-сынып өтті Шебер-сыныптың мақсаты — мұғалімдердің бойында жағымды ойлау мәдениетін қалыптастыру, күйзеліс пен қиын жағдайларда позитивті көзқарасты сақтауға дағдыландыру. Сабақ барысында қатысушылар позитивті ойлаудың маңызын талқылап, өмірлік мысалдармен бөлісіп, тәжірибелік жаттығулар арқылы өз ойлау жүйесін қайта қарауға мүмкіндік алды. Шебер-сынып ұжымдағы жағымды атмосфераны қалыптастыруға, кәсіби мотивацияны арттыруға ықпал етті.
"Отбасындағы баланы эмоционалды қолдау" тақырыбындағы ата-аналарға арналған тренинг
14
ноябрь
2025
"Отбасындағы баланы эмоционалды қолдау" тақырыбындағы ата-аналарға
2025 жылдың 12 қарашасында гимназиямызда «Отбасындағы баланы эмоционалды қолдау» тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарға бала эмоцияларын түсіну, қабылдау және қолдау көрсету жолдарын үйрету болды. Тренинг барысында ата-аналар практикалық жаттығулар орындап, баламен сенімді қарым-қатынас орнатудың тиімді әдістерімен танысты. Қатысушылар бала психологиясы мен отбасы ішіндегі эмоционалды ахуалдың маңыздылығы туралы маңызды ақпараттар алды.
"Мен және менің эмоцияларым" тақырыбындағы 5-сынып оқушыларына арналған тренинг.
12
ноябрь
2025
"Мен және менің эмоцияларым" тақырыбындағы 5-сынып оқушыларына
"Мен және менің эмоцияларым" тақырыбындағы 5-сынып оқушыларына арналған тренинг. Тренингте оқушылардың өз эмоцияларын тануға, түсінуге және оларды дұрыс басқаруға көмектесетін психологиялық жұмыс түрі. Жаттығулар арқылы балалар қоршаған ортаға деген реакцияларын байқай алады, өз сезімдерін ашық білдіруді және басқа адамның көңіл күйін түсінуді үйренеді.   Мақсаты: эмоционалды сауаттылықты арттыру, жағымды қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру.
Көңілді үзіліс
12
ноябрь
2025
Көңілді үзіліс
Көңілді үзіліс — оқушылардың эмоционалды демалуына, көңіл-күйін көтеруге және сабаққа деген ынтасын арттыруға арналған қысқа уақыттық белсенділік.   Мақсаты:   – Стресті азайту   – Ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыру   – Қарым-қатынасты дамыту   – Шаршаған көңіл-күйді сейілту​https://www.instagram.com/reel/DQ8zt1FgL8v/?igsh=MWZ1ZXUycGNibzZ1YQ==​​​
"Ынтымаққа қадам" тақырыбындағы тренинг.
12
ноябрь
2025
"Ынтымаққа қадам" тақырыбындағы тренинг.
"Ынтымаққа қадам" тақырыбындағы тренинг. Бұл тренинг – мектеп бітіруші оқушылар арасында өзара түсіністік, сенім, қолдау мен ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталған психологиялық жұмыс түрі. Тренинг барысында оқушылар бірігіп әрекет етуге, өз пікірін ашық білдіруге, басқаның көзқарасын құрметтеуге және ұжымда тату өмір сүруге дағдыланады.   Мақсаты: оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, ұжымның бірлігін