Жетістіктеріміз » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары
12
октябрь
2026
Ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары
 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🥇🥉 📚 2026 жылғы 10 қазанда Семей қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 9–11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті. 🎉 Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері: 🥇 І орын 🏅 Маулетова Айша — 10 «А» сынып оқушысы. 👩‍🏫 Жетекшісі: информатика пәні мұғалімі Баяхметова Шынар Султановна. 🏅 Ясинова Рамина — 9 «Ә» сынып оқушысы. 👩‍🏫 Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Жумабекова Гульмира Бектемировна. 🏅 Келисбекова Дария — 10 «Ә» сынып оқушысы. 👩‍🏫
«TAPQYR» командасы «ZERDELI QUIZ» зияткерлік сайысының жүлдегері
09
октябрь
2026
«TAPQYR» командасы «ZERDELI QUIZ» зияткерлік сайысының жүлдегері
 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының 11-сынып оқушыларынан құралған «TAPQYR» командасы «ZERDELI QUIZ» зияткерлік сайысында 13 команданың ішінен ІІІ орын иеленді! 🥉👏 🏆 Команда мүшелері: Азатұлы Нұрали, Абдикаримова Аэлин, Амангельдина Айша, Бақытжанұлы Салауат, Ғалымов Ерхан, Мұратов Арсен, Серікқызы Анель, Тұрсынғалиева Айгерім, Қанапиянова Ләйлә, Кеңесбек Нұрдаулет. Оқушыларымызды және жетекшілері Жанар Нұрлыбековна мен Мағжан Айдосұлын құттықтаймыз! Еңбектеріңіз бен
Ұстаз еңбегі - ұлы марапатқа лайық!
06
октябрь
2026
Ұстаз еңбегі - ұлы марапатқа лайық!
Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназияның директоры Мұқанова Нұргүл Құлжағазықызын «Белсенді әлеуметтік әріптес» төсбелгісімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 🌷 Бұл марапат – білім беру саласына қосқан елеулі үлесіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің, кәсіби біліктілігіңіз бен қоғамдық белсенділігіңіздің лайықты бағасы. Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт және толағай табыс тілейміз! Гимназиямыздың жетістіктері артып, абырой-беделіңіз биіктей берсін! 💐 Марапатыңыз
ГИМНАЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІС!
22
сентябрь
2026
ГИМНАЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІС!
 ГИМНАЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІС! 🥇 «ҮЗДІК ПЕДАГОГ–2026» қалалық байқауының ЖЕҢІМПАЗЫ — ЕСЕНБАЕВА ЖАНАР БАЙУЗАКОВНА! Білім беру саласындағы кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін, педагогикалық тәжірибесі мен біліктілігін жоғары деңгейде көрсетіп, қалалық байқауда жеңімпаз атанған ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз! 💐 Бұл — Жанар Байузаковнаның жеке жетістігі ғана емес, бүкіл гимназия ұжымының мерейі мен ортақ мақтанышы! ❤️ Ұстаз еңбегі — шәкірт жүрегіне жол салатын ұлы еңбек. Жеңісіңіз
Ұстаз еңбегі тағы да лайықты бағаланды
17
август
2026
Ұстаз еңбегі тағы да лайықты бағаланды
“Сапалы білім, берік құндылық, табысты тұлға: жаңа оқу жылындағы міндеттер” тамыз конференциясы аясында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы елеулі еңбегі және білім беру саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі Дүйсенбаева Арайлым Мұратқызы “Абай облысының білім басқармасы” ММ-нің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мәртебелі марапат - мерейлі ұстазға
17
август
2026
Мәртебелі марапат - мерейлі ұстазға
"Сапалы білім,  берік құндылық,  табысты тұлға: жаңа оқу жылындағы міндеттер"  тамыз конференциясы аясында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы елеулі еңбегі және білім беру саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін  гимназиямыздың информатика пәні мұғалімі Таяпберген Эльмира Мұратбекқызы қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
ҰЛЫ ЖЕТІСТІК – ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ!
18
июнь
2026
ҰЛЫ ЖЕТІСТІК – ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ!
ҰЛЫ ЖЕТІСТІК – ҮЛКЕН МАҚТАНЫШ! ✨ Бүгін облысымыздың ең үздік түлектеріне арналған салтанатты рәсімде Абай облысының әкімі Berik Uali «Алтын белгі» иегерлеріне куәліктері мен төсбелгілерін табыстады. Бұл – үздіксіз еңбектің, табандылықтың, білімге деген құштарлықтың жемісі. Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы үшін бұл жыл ерекше жетістіктермен есте қалмақ. Мектебімізден 7 оқушы «Алтын белгі» иегері атанып, білім мен еңбектің биік үлгісін көрсетті. Салтанатты жиында мектебіміздің мақтанышы,
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
10
июнь
2026
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Марапат – еңбектің жемісі! 🏅 Білім беру саласындағы адал еңбек пен кәсіби шеберліктің жоғары бағалануы – әрбір ұстаз үшін үлкен мәртебе. Осындай қуанышты сәтте әріптесіміз Хасенова Динара Сейсенбаевна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Бұл – көп жылғы қажырлы еңбектің, шәкірт тәрбиелеудегі жауапкершіліктің және білім саласына қосқан сүбелі үлестің лайықты бағасы. Әріптесімізді шын жүректен құттықтай отырып, деніне
«Шәкәрім дарындары - 2026» атты үздік оқушылар шеруі өтті
19
май
2026
«Шәкәрім дарындары - 2026» атты үздік оқушылар шеруі өтті
Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында 2025-2026 оқу жылын қорытындылайтын дәстүрлі «Шәкәрім дарындары - 2026» атты үздік оқушылар шеруі өтті. Бұл шара  биылғы оқу жылында білім, ғылым, өнер және спорт салаларында ерекше жетістікке жеткен оқушыларды марапаттау мен құрметтеуге  арналды. Үздіктер шеруіне Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы Жанжігіт Омархан, Абай облысы Білім басқармасы «Дарын» орталығының директоры Ниязбекова Жадыра, қамқоршылық кеңес
"Ғасырлық дәстүрлер" халықаралық сәндік қолданбалы өнер фестивалі
18
май
2026
"Ғасырлық дәстүрлер" халықаралық сәндік қолданбалы өнер фестивалі
15-17 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан өңірінде "Ғасырлық дәстүрлер" халықаралық сәндік қолданбалы өнер фестивалі ұлттық мұраны ұлықтаған ауқымды мәдени шара өтті. Фестиваль аясында ұйымдастырылған "Аламан құрақ-2026" жобасы ерекше көпшіліктің назарын аударды. Республикамыздың 17 облысынан жиналған шеберлер ұзындығы 2500 метрлік алып құрақ көрпені жайып, "Global Best of Records" халықаралық рекордтар кітабына енді. Сондай-ақ осы күні шеберлер "Тұлпар" жастығымен теңдесі жоқ  2- рекорд  орнатты.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 23 Вперед