ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
май
2019

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! «ШҚО Семей қаласының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі және орта білім беру секторы 1-сыныпқа қабылдау бойынша төмендегіні хабарлайды: «Білім туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармақшасына сәйкес, 1-сыныпқа балалар алты жастан қабылданады. Аталған норма 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылуда.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 1- сыныбына, ата-аналардан немесе балалардың заңды өкілдерінен құжаттар қабылдау ағымдағы жылдың  1 маусымынан 30 тамызға дейін жүргізіледі. Осы жылдан бастап 1-сыныпқа қабылдау VKO.DDO.KZ порталы арқылы іске асырылады (өтінішті уйден электронды сандық қол арқылы жолдауға болады (ЭЦП). 1-сыныпқа өтініш беруде көрсетілген құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүйеге бекіту қажет:  1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде); 2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;  3) 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;  4) 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
5)  3х4 см  көлеміндегі фото- 2  дана.
Назар аударыңыздар!
Барлық құжаттардың тек қана жақсы оқылатын көшірмелерін жүктеу қажет. Дұрыс емес (оқылмайтын) құжаттарды салған жағдайда, Сіздің өтінішіңіз мақұлданбайды.
Білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш мақұлданбаған жағдайда, өтініш беруші өтінімді қайтадан бере алады;
Егер мектепке қабылдауға өтінім берілсе және өтінім қарастыруда болса, өтінішті қайтадан беру мүмкіндігі болмайды;
Мектепке қабылдау туралы жауапты алған жағдайда,  мектепке құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет.
Өтінішті берген кезде өзекті байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық пошта мен телефон нөміріне ескерту түріндегі хабарлама жіберіледі.