Материалы за Апрель 2025 года » Страница 2 » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Patriot IQ Battle”облыстық зияткерлік ойыны
28
апрель
2025
“Patriot IQ Battle”облыстық зияткерлік ойыны
28.04.2025 жылы күні “Patriot IQ Battle”облыстық зияткерлік ойынына 10-сынып оқушыларынан команда құрылып:Габдуллина Амина, Аринбай Арнай, Құрманғазы Ботагөз, Ниханова Айназ,Сәбиболла Жансая облыстық зияткерлік конкурста 15 команда ішінде жүлделі 2 орын иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. “Patriot IQ Battle”зияткерлік ойынының мақсаты- зияткерлік ойын арқылы жастар арасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, патриоттық рухты, ұлттық бірегейлікті, Қазақстан Республикасының тарихы,
«ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫН" иеленген түлек
28
апрель
2025
«ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫН" иеленген түлек
2025 жылдың 26 сәуір күні Шәкәрім атындағы университетінде 9-11 сынып оқушыларының арасында сурет, кескіндеме және сызу пәндері бойынша облыстық олимпиада өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз түлектерге университеттің оқу гранттары табысталды. I орын -1 жылдық 100% жеңілдік II орын -1 жылдық 50% жеңілдік III орын -1 жылдық 25% жеңілдік Гимназиямыздан қатысқан 11 «А» сынып оқушысы Аружан Бегембетова жүлделі І орынды иеленіп, «ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫ» СЕРТИФИКАТЫН жеңіп алса, (Жетекшісі
Кітапхана – тек кітаптар мекені емес, ол – ақылдың ордасы, білімнің бесігі, руханияттың тұмары. Ол – әрбір оқырманды даналыққа жетелейтін алтын көпір.
25
апрель
2025
Кітапхана – тек кітаптар мекені емес, ол – ақылдың ордасы, білімнің
Кітапхана – тек кітаптар мекені емес, ол – ақылдың ордасы, білімнің бесігі, руханияттың тұмары. Ол – әрбір оқырманды даналыққа жетелейтін алтын көпір. Кітап сөрелерінде – мыңжылдықтар ізі, әр парағында – ой мен сезімнің тереңдігі жатыр. Кітапхана – ғылымның тынысы, ізденістің бастамасы. Білімге жол бастағың келсе – кітапханаға бас сұқ! Өйткені нағыз ғылымның жұмағы – осы жерде.
Кітапхана ісі — ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және оқырманға ұсыну бағытында жүргізілетін кәсіби қызмет түрі.
25
апрель
2025
Кітапхана ісі — ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және оқырманға ұсыну
Кітапхана ісі — ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және оқырманға ұсыну бағытында жүргізілетін кәсіби қызмет түрі. Бұл сала білім мен мәдениетті, руханиятты таратуда ерекше маңызға ие. «Кітапхана ісі туралы» атты Wordwall викторина ойынына 7 «Ә» сынып оқушылар қатысып, қызықты деректермен танысты. Кітапхана ісі – ұлт руханиятының діңгегі. Бұл сала білім мен парасаттылықты таратуда, тұлғаны тәрбиелеуде аса маңызды рөл атқарады. Уақыт өзгерсе де, кітап пен кітапхана құндылығы ешқашан жоғалмайды.
25 сәуір күні қалалық балалар кітапханасында ұрпақты рухани тәрбиеге баулу мақсатында «Чернобыль - АЭС апатына 39 жыл» толуына орай гимназиямыздың 7-сынып оқушылары көрмеге қатысты.
25
апрель
2025
25 сәуір күні қалалық балалар кітапханасында ұрпақты рухани тәрбиеге
25 сәуір күні қалалық балалар кітапханасында ұрпақты рухани тәрбиеге баулу мақсатында «Чернобыль - АЭС апатына 39 жыл» толуына орай гимназиямыздың 7-сынып оқушылары көрмеге қатысты. Апат болған жерлердің уланғаны туралы, қалдықтарды жинап, реттеу үшін әр елдімекеннен әскери адамдардың жұмысқа тартылғаны жайлы, қазіргі уақытта сол апатты көзімен көрген ардагерлердің азайып бара жатқандығы, кейбір ардагерлердің денсаулықтарына келтірілген зияны туралы дәріс тыңдап, пайдалы ақпараттар алды.
Таза Қазақстан – әр адамның жүрегінен басталады!
25
апрель
2025
Таза Қазақстан – әр адамның жүрегінен басталады!
Таза Қазақстан – әр адамның жүрегінен басталады! Бүгін мектеп ұстаздары, ата-аналар мен оқушылар бірлесе даланы қоқыстан тазартып, табиғатқа жан бітірдік. Құм төгіп, айналаны абаттандыру – бұл тек жұмыс емес, бұл – ұрпаққа үлгі, табиғатқа деген жанашырлық! Ұстаздың бастамасы, ата-ананың қолдауы, оқушының белсенділігі – міне, нағыз "Таза Қазақстан"! Таза дала – таза ой. Таза орта – таза болашақ! Әр күрек – ертеңге сенім, әр тер – туған жерге сүйіспеншілік! Туған даламыздың әр тасын, әр шөбін