2025–2026 оқу жылына арналған жаңа жобалар мен білім беру
Оқу орындар арасындағы ынтымақтастық – келешекке бірге қадам басудың кепілі. Осы мақсатта бүгін гимназиямызда 2025–2026 оқу жылына арналған жаңа жобалар мен білім беру бастамаларын талқылау үшін Алихан Бөкейхан Университетінің «Ақпараттық-техникалық ғылымдар» кафедрасының профессорлық оқытушылар құрамы мен гимназиямыздың информатика пән мұғалімдері арасында маңызды кездесу өткізілді. Кездесу мақсаты – білім ошақтарында ІТ саласындағы білім сапасын арттыру, оқушылар мен студенттерге жаңа