Жалпы облыстық сенбілікке “Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы”
Бүгінгі жалпы облыстық сенбілікке “Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы” ұжымы белсене қатысып, табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқорлық танытуға өз үлесін қосты. 🌍💚 🌱 Ұжым мүшелері бірлесе еңбек етіп, аула тазалығын жасап туған өлкеміздің тазалығы мен көркейуіне атсалысты. Бұл — жас ұрпаққа үлгі, игі дәстүрді жалғастырудың айқын көрінісі. 🌸🌳 🙌 Біз табиғатты қорғауды, қоршаған ортаға жанашырлық танытуды басты міндетіміз деп білеміз. Себебі, таза орта — жарқын болашақ кепілі! ✨