«Құлагер» поэмасына 1937 жылдан бастап жарық көргеніне биыл 85 жыл толады. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құлагер» поэмасына 1937 жылдан бастап жарық көргеніне биыл 85 жыл толады.
11
октябрь
2022

«Құлагер» поэмасына 1937 жылдан бастап жарық көргеніне биыл 85 жыл толады.




Ілияс Жансүгіров (1894-1938) – қазақ ақыны, қазақ әдебиетінің классигі. Қазақстан жазушылар одағының тұңғыш төрағасы.
«Құлагер» поэмасына  1937 жылдан  бастап жарық көргеніне биыл 85 жыл толады.
Әйгілі «Құлагер» шығармасы қазақ әдебиетінің классикасына айналған поэма. «Құлагер» поэмасы – ақынның эпикалық жырларының ең соңғысы және поэзиясының ең биік шыңы. Ілияс Жансүгіров «Құлагерді» ХІХ ғасырдың ақыны, күйші Ақан сері Қорамсаұлына арнаған.
Шығарма ақын өміріндегі драмалық эпизод – сүйікті тұлпарының өлімі туралы баяндайды. Поэма ұлттық әдебиеттегі ең трагедиялық шығармалардың біріне айналды. Бұл бүкіл Ұлы Даланы, тау мен өзенді, орман мен көлді қамтитын тарихи туынды. Поэмада көптеген кейіпкерлер – барлық рулар мен әлеуметтік топтардың өкілдері бар. Сонымен қатар «Құлагерде» халықтың тарихы, әдет-ғұрпы, мәдениеті, өнері, психологиясы туралы мәліметтер де бар.