25
ноябрь
2022
14-24 қараша аралығында Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясының құқық және тәртіп фракциясының «Тарлан» жас жол инспекторлары «Абайлаңдар, балалар!» декадасын ұйымдастырды.

Мақсаты: жас жаяу жүргіншілерінің, велосипедшілердің жолда жүру ережесін бұзуының алдын алу.
Мектеп инспекторлары оқушылар өздерінің мектептен үйге дейінгі жолдағы кездесетін жаяу жүргіншілердің өтпесін, жол белгілерін, қандай ғимараттар бар екенін толық меңгерту үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Декада шеңберінде мектеп инспекторларының ұйымдастыруымен жол полиция ардагері Мадимов Түлеукен мырзамен кездесу өтті. «Үздік Жас полиция қызметкері» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
Мектеп инспекторларының жетекшісі: Сагындыкова Молдир Жаныбековна