2022 жылдың 13 желтоқсан күні «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 жылдың 13 желтоқсан күні «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.
13
декабрь
2022

2022 жылдың 13 желтоқсан күні «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті.


Мақсаты: оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу.

«Жас Қыран» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау салтанатты жиынға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Отынбаева Гүлшат Бекенқызы мен Наурызова Гүлнұр Дулатовна, Өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары, «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері қатысты.
Жиынға мектебіміздің озат, үлгілі шәкірті ретінде 2-сыныптар арасынан «Жас қыран» ұйымына 112 оқушы қабылданды.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы Орынтаев Ақназар рапорт тапсырып, оқушыларды ант беру рәсіміне дайындады.
Оқушылар ант қабылдап, оларға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылары, «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері төсбелгі тақты.