06
январь
2023
“Жарқын болашақ иесі - жас маман” тақырыбында тарих пәні әдіс бірлестігінің отырысы өтті.

Күн тәртібін таныстырмас бұрын отырысқа қатысқан ұстаздарға Жаһандық құзыреттілік пәні мұғалімі Ш. А. Толеуова психологиялық ахуал, әртүрлі ситуациялық сұрақтар қойып, көтеріңкі көңіл күймен жиналысты ашты.
Бірлестік жетекшісі А. С. Шакарова күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып шықты.
• Қазан айында өткен Тарих пәні апталығының қорытындысы.
/А.Шидербаева /
• “Жарқын болашақ иесі-жас маман” /Г.Жумабекова /
• Білім алушыларға Тарих пәнін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану /А.Шакарова, Д.Ахметбекова /
Аталған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, тарих пәні мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сондай–ақ жас маманға арнайы тағайындалған тәлімгерлік Г. Б. Жумабекованың І жарты жылдық жұмысы бойынша атқарылған жұмыстары, күнделікті жүргізіліп отырған күнделіктің жүргізілуіне толықтай тоқталып, тәлімгерліктің жұмысын аша түсті. Тарих пәні бірлестігінің жиналысы жоғары деңгейде өтіп, жоспарлаған мақсатына жетті.