8 ”А” сыныбына “Алғыс айту-парызым!” атты сынып сағаты өтті. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 ”А” сыныбына “Алғыс айту-парызым!” атты сынып сағаты өтті.
28
февраль
2023

8 ”А” сыныбына “Алғыс айту-парызым!” атты сынып сағаты өтті.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде “6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасы бойынша КЯ-903 тобының студенті Рақатова Жұпар 8 ”А” сыныбына “Алғыс айту-парызым!” атты сынып сағатын өткізді.

Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың ата-анаға, ұстазға, Отанға деген сыйластықтары мен құрметтерін арттыру.

Тәрбие сағатының міндеті: -ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
- бір-біріне деген сыпайылық қарым-қатынасын дамыту. Сынып оқушылары бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып, көмектескен сәттерін еске алып, бір-біріне алғыстарын білдірді.
Оқушылар топқа бөлініп, “Алғысты кімге айтуымыз қажет?”, деген сұрақтар бойынша жұмыс жасап, түсінік берді. Алғыс айту туралы түрлі өлеңдерді мәнерлеп оқып, мағынасын ашты. Сынып сағаты соңында сыныппен “Алғыс” әнін шырқап, қорытындыладық.

Сынып жетекшісі: Толеуконырова Жупар Тлеубековна.