№8 «Балбөбек» бөбекжайында «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық бағдарламасы бойынша жол картасын жүзеге асырудағы тірек мекеменің жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында білім беру мекемелерінің арасында әріптестік серіктестік жұмыстары бойынша іс-
🔹2024 жылдың 27 ақпанда «№3 Білім беру округінің» жұмыс жоспарына сәйкес №8 «Балбөбек» бөбекжайында «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық бағдарламасы бойынша жол картасын жүзеге асырудағы тірек мекеменің жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында білім беру мекемелерінің арасында әріптестік серіктестік жұмыстары бойынша іс-шара өткізілді.
🔹Мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру ұйымының мектеппен, жоғары оқу орнымен өзара ынтымақтастық жүйесін құру, мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы, олардың қабілеттері мен шығармашылық әлеуеті үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын, формаларын, әдістерін, технологияларын жетілдіру
🔹Іс-шараға мектепке дейінгі тәрбие және білім беру бөлімінің әдіскері Г.Х.Адылгазинова, балабақша меңгерушілері, Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы директорының орынбасары Н.С.Хасенова, бастауыш сынып мұғалімі С.К.Сексенбаева, мектеп психологы А.Жагипарова қатысты.
