14
май
2024
«Таза Қазақстан», «Жасыл аймақ» акциялары аясында әрі 25 мамыр – соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында "ALASH SQUARE" эко акциясын жүзеге асуда


2024 жылдың 14 мамырында Әлихан Бөкейхан Университетінің басшылығы мен білім алушылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан», «Жасыл аймақ» акциялары аясында әрі 25 мамыр – соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында "ALASH SQUARE" эко акциясын жүзеге асырды.
Іс-шара барысында Университет Президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Шырын Құрманбаева мен биылғы жылы университетті бітіретін оқу озаттары мен үлгілі студенттер Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының ауласында мектеп бітіретін оқушылармен бірлесе отырып, шырша, көк тал көшеттерінен тұратын "ALASH SQUARE" алаңдарын отырғызды. Биылғы жыл түлектерге ақ жол тілеп, ыстық лебізін білдірді.