22
июнь
2024
Х Халықаралық «Айбын-2024» жастар жиыны өтті



🔹Бұл жиынға 6 мемлекеттің жас сарбаздары қатысты. Ресей, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстан. 🔹Барлығы 750 жас сарбаз қатысты.
Абай облысының намысын «Абай қырандары» командасы қорғады. 🔹Команда құрамында гимназиямыздың оқушылары Самархан Олжас, Қанағатов Ерасыл қатысты.
🔹Қатысушы 20 команданың арасынан «Абай қырандары» командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар командалық есепте:
- Айбын дарыны 1-орын
- Кермеге тартылудан 2-орын
- Шалқадан жатып кеудені көтеруден 2-орын
- Әскерилендірілген эстафетадан 3-орын
- Айбын жұлдызы 3-орын
- Кросстан 2-орын иеленді!
🔹Жиынға қатысушы 750 жас сарбаздың ішінен Самархан Олжас 2024 жылдың «Үздік жас сарбазы» атанып, марапатталды.
🔹Олжас - гимназиямыздың биылғы түлегі. Ол «Абай Қырандары» командасына 9-сыныптан бастап қабылданған. Олжастың жетекшісі – гимназиямыздың алғашқы әскери дайындық мұғалімі Тусупов Серік Асаубаевич.
🔹«Абай қырандары» командасын және Самархан Олжасты, жетекшісі Серік Асаубаевичті шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын! Шәкірттеріміз биіктерден көріне берсін!