Жалпықазақстандық ашық диктант өтті » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
сентябрь
2024

Жалпықазақстандық ашық диктант өтті

 «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ 2024 жылғы 5 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3-тармағына сәйкес «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында қазақтың біртуар перзенті Т.Рысқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысты.
 Жалпыұлттық диктанттың мақсаты: мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде қоғамдағы рөлін нығайту.
Міндеттері:
- диктантқа қатысушыларға мемлекеттік тілде сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру, сауатты жазудың маңыздылығына назар аударту;
- тарихи тұлғаларды насихаттау арқылы саналы қоғам қалыптастыруға ықпал ету;
- мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға, қоғамдық келісім мен елдің бірлігін нығайтуға ықпалын арттыру.
 Диктантқа 9-11 сынып оқушылары, барлығы 222 оқушы қатысты.