Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің алдын-алу бойынша жүргізілген жұмысқа анықтама 2023-2024 оқу жылы » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің алдын-алу бойынша жүргізілген жұмысқа анықтама 2023-2024 оқу жылы
02
сентябрь
2024

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің алдын-алу бойынша жүргізілген жұмысқа анықтама 2023-2024 оқу жылы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттің алдын-алу
бойынша жүргізілген жұмысқа анықтама
2023-2024 оқу жылы
   Мақсаты: Гимназиямызда сыбайлас жемқорлық фактілерінің мүмкіндігін болдырмау; азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлыққа байланысты жағымсыз процестер мен құбылыстардан қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың мектеп қызметіне деген сенімін нығайту.
           Міндеттері: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу; лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін оңтайландыру және нақтылау;
 білім беру процесіне қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету;
 ҚБ ұсынатын білім беру қызметтерін басқарудың тиімділігін, сапасы мен қолжетімділігін арттыру; азаматтардың ҚБ қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын іске асыруға жәрдемдесу.Білім беру ұйымдарындағы мүдделер қақтығысы  білім беру ұйымдарындағы мүдделер қақтығысы мәселелері бойынша талаптардың сақталуына мониторинг және талдау жүргізу. 
         Шәкәрім атындағы  көпбейінді   № 5 гимназиясында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әректтің алдын-алу” іс-шарасының жоспары құрылып, жоспарға сай жұмыстар жүргізілді.
  1.     2-қазан күні 7Ә сыныбында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
  2.    26- қазан күні 9-11 сынып оқушыларына Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау орталығының Абай облыстық филиалының орынбасары Қайратова Ақнұр сыбайлас жемқорлыққа қарсы әңгіме жұмысын жүргізді. Оқушылар аталған тақырып бойынша өз сұрақтарын қойып, жауап алды.
  3.    24-қараша күні тәрбие орынбасарларының жетекшілігімен ата-аналар жиналысында заңсыз ақша жинау туралы сынып жетекшілері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршаға ортақ  іс екендігі айтылды.
  4.    30-қараша күні мектептің жиын залында мектеп әкімшілігінің басшылығымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес баршаға ортақ  іс” атты ата-аналармен диалогтық алаң ұйымдастырылды. Жиынға 120 ата-ана қатысты. Ата-аналар диспут,әр-түрлі ойын формаларында белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті.
  5.     2-ақпан күні 5-6 сынып оқушылары арасында  «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты театрлық қойылым өткізілді. Балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын қойылым көрсетті.
  6.     Барлық сыныптарда «Адал болу адамға не үшін қажет», «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – қауіпті көрініс» атты сынып сағаттары өткізілді. Сыбайлас жемқорлық мемлекетіміздің дамуына нұқсан келтіретіндігі айтылды.
Гимназия директоры                              Н.К.Муканова