20
сентябрь
2024
Бір ғасырлық тарихы бар «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcының» 100 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс әкімі Нұрлан Телманұлының қолдауымен салынған футбол алаңының салтанатты ашылуы өтті






🟥ХХ ғасыр басында қазақ ұлтының мүддесін қорғап, халқына көшбасшы бола білген, парасатты да көреген, дана азаматтары – алаш зиялыларының арман еткен білім ордасының күннен күнге мәртебесінің артуы үлкен жетістік.
🟥Бір ғасырлық тарихы бар «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcының» 100 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс әкімі Нұрлан Телманұлының қолдауымен салынған футбол алаңының салтанатты ашылуы өтті.
🟥Салтанатты жиында ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым ету құрметі мәртебелі қонақтар Семей қалалық білім бөлімінің басшысы Біржан Заманбекұлы мен екі дүркін «Қазақстан барысы», үш дүркін «Әлем барысы» Нұғымаров Айбек Серікболұлына берілді.
🟥Салтанатты шарада мемлекеттік әнұран мен мектеп гимні шырқалып, жүрекке үлкен тебіреніс сыйлады. Гимназияның «Аяла» би тобының жас өнерпаздары мың бұрала билеп, жиынның көркін кіргізді.
🟥Құрметті қонақ ретінде шақырылған Абай облысының инновациялық әдістемелік орталықтың тәрбие бөлімінің басшысы Айдар Әбдіхатұлы мен гимназия директоры Нұргүл Құлжағазықызы Мұқанова да ыстық лебізін білдіріп, жас спортшыларға жеңістің тұғырынан көрінулеріне тілекші екенін айтты.
🟥Қонақтар футбол алаңының лентасын қиып, гимназия спортшыларының әр спорт түрінен демонстрациялық орындауларды көріп, футбол құрама командаларының алаңдағы алғашқы тұсау кесер ойындарын тамашалады.