30
сентябрь
2024
Қаламыздағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей- қорығы қалалық білім бөлімімен бірлесе отырып, қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің туған күніне орай «Мұхтар мұрасы - адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысын өт

Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат - классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау.
Сайыста қала және қала маңындағы мектептерден 45 оқушы бақ сынасты. Екі бөлімнен тұратын сайысқа гимназиямыздың 8 "Б" сынып оқушысы Асқарова Амира қатысып, әртістік шеберлігімен, білімділігімен ерекшеленіп, 2- орынды иеленді.
Оқушымызды және дайындаған жетекшісі Динар Бектұрқызын құттықтаймыз!