Мектебіміздің 100 жылдық мерейтойына орай Нұртай Салихұлының шақыртуымен еліміздің жүрегі – Астана қаласына сапар шегу біз үшін ұмытылмас оқиғаға айналды. Елордадағы алғашқы күніміз бояуы қанық әсерлерге толы болды. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебіміздің 100 жылдық мерейтойына орай Нұртай Салихұлының шақыртуымен еліміздің жүрегі – Астана қаласына сапар шегу біз үшін ұмытылмас оқиғаға айналды. Елордадағы алғашқы күніміз бояуы қанық әсерлерге толы болды.
30
ноябрь
2024

Мектебіміздің 100 жылдық мерейтойына орай Нұртай Салихұлының шақыртуымен еліміздің жүрегі – Астана қаласына сапар шегу біз үшін ұмытылмас оқиғаға айналды. Елордадағы алғашқы күніміз бояуы қанық әсерлерге толы болды.

 
Мектебіміздің 100 жылдық мерейтойына орай Нұртай Салихұлының шақыртуымен еліміздің жүрегі – Астана қаласына сапар шегу біз үшін ұмытылмас оқиғаға айналды. Елордадағы алғашқы күніміз бояуы қанық әсерлерге толы болды.

Сапарымыздың алғашқы бағыты – «Бәйтерек» монументі. Бұл ғимараттың асқақ келбеті қазақ халқының биік армандары мен бейбіт болашағының символы ретінде көңілімізде мәңгі сақталары анық. Оның ең биік нүктесінен қалаға көз жүгірте отырып, Астананың ғажайып сәулеті мен көркіне тамсандық.

Келесі бағытымыз Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт – Астана қаласының Бас мешіті болды. Бұл құдіретті де көркем ғимараттың салтанатты сәулеті мен қасиетті тынысы ерекше әсер қалдырды.

Елорда сапарының шарықтау шегі – «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі». Бұл жерде біз тарихтың үнсіз куәгерлерімен жүздескендей болдық. Ғасырлар бойы сақталып, бүгінге жеткен баға жетпес жәдігерлердің әрбірі қазақ халқының бай мұрасы мен мәңгілік рухын паш еткендей. Ежелгі дәуірден орта ғасырларға дейінгі жәдігерлердің әрбір бөлшегі сол заманның сырлы тынысын сездірсе, музей залдарының әрқайсысы өткеннің үнін естіртіп, шежіре шертіп тұрғандай болды.

Бұл сапар тек қана танымдық емес, рухани тұрғыдан ерекше әсер қалдырған мазмұнды кездесу болды. Елорданың көрікті жерлерін аралай жүріп, уақыттың қалай зымырап өткенін байқамай қалдық. Бұл саяхат бізге тарихымызды тереңірек түсініп, бабалар аманатына деген мақтаныш сезімін ұялатты. Елордадан алған шабыт пен рухани байлық әр жүректе мәңгіге сақталады.М