7”Б” сыныбында командалық жоба бойынша ашық сабақтар өткізілді. » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7”Б” сыныбында командалық жоба бойынша ашық сабақтар өткізілді.
16
январь
2025

7”Б” сыныбында командалық жоба бойынша ашық сабақтар өткізілді.

16.01 күні 7б сыныбында “EduPro7” командасы жұмысының жоспары бойынша химия пәнінен “Табиғи қышқылдар мен негіздер” тақырыбында командалық жоба сабағы өткізілді. Сабақтың зерттеушілік мақсаты ойын элементтерін енгізе отырып оқыту арқылы білім сапасын арттыру болды. Үй тапсырмасын wordwall платформасы арқылы тексеріп, білім алушылардың қызығушылығын арттыру үшін қысқаша бейнекөрсетілім көрсетілді. Командаларға бөлініп, “Арқан тартыс” ұлттық ойыны әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап берді. Осы әдісті қолдану арқылы, білім алушылардың командалық ұжымдасуы, бірін-бірі тыңдауы және нәтижеге жетуге ұмтылу дағдылары қалыптастырылды. Зертханалық тәжірибе жасап, танымдық қабілеттері арта түсті. Білім алушылардан кері байланыс алынып, келесі сабаққа жоспар құрылды.
7”Б” сыныбында командалық жоба бойынша
Информатика пәнінен “Файлдармен жұмыс.Практикум” тақырыбында сабақ өткізілді.
16.01.2025ж 7«Б» сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәңінен “Новогодние традиции” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: “Ойын элементтері арқылы білім сапасын көтеру”. Стикер арқылы шыршаны безендірді, асық арқылы топқа бөлінді.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін бейнекөрсетілім көрсетілді. Топқа бөлініп, “Облако тегов”, “Собери слово” әдістері арқылы тапсырмалар орындалды. “Чтение по цепочке” әдісі арқылы мәтінмен жұмыс жасалды. Сабақты бекіту барысында *Umaigra* платформасында “Правда-Ложь” ойыны жүргізілді.