18
январь
2025
Шымкент қаласында «USTEM Foundation» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен өткен «Ontustik FIRST Championship» чемпионатына гимназиямыздың «Shanyraq» командасы тағы бір белесті бағындырды.
2025 жылдың 18-19 қаңтар күндері Шымкент қаласында «USTEM Foundation» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен өткен «Ontustik FIRST Championship» чемпионатына гимназиямыздың «Shanyraq» командасы тағы бір белесті бағындырды. «Shanyraq» командасы ІІ орынды және Motivate award номинациясын жеңіп алып, Орта Азия және «Digital Almaty 2025» (Министр кубогы) чемпионаттарына жолдама алды. Команда мүшелерін және менторы Тұрсынбеков Айдос Асқатұлы құттықтаймыз! 

