30
январь
2025
«Сынып жетекшілер апталығы» аясында 10-сыныптар арасында «Құндылықтар шеруі»
Бүгін «Сынып жетекшілер апталығы» аясында 10-сыныптар арасында «Құндылықтар шеруі» атты ерекше кештің куәсі болдық. Бұл кештің негізгі мақсаты қоғамдағы басты құндылықтарды атап өту, ой бөлісу және осылайша бір-біріне рухани жақын болу үшін ұйымдастырылған болатын. 10 «А» сыныбы «Сыпайы сөйлеу — сырбаздық, Ағайын сәні - сыйластық», 10 «Ә» сыныбы «Мейірімділік жүректен», 10 «Б» сыныбы «Адалдық – адамшылық бастауы», 10 «В» сыныбы «Еңбек бәрін жеңбек» тақырыбында тамаша көріністер көрсетті. Гимназия оқушылары бқл шараға үлкен жауапкершілікпен келді. Бір-бірімен ой бөлісіп, отбасындағы құндылықтың адам үшін маңызды екенін түсініп тарқасты.