31
январь
2025
«Командалық жұмыс- табысқа жетуге бағытталған ынтымақтастық» атты бастауыш сынып әдіс бірлестігінің онкүндігінің жабылуы өтті.

Онкүндік барысында оқушылар өз білімдері мен қабілеттерін көрсетіп, қызықты шаралар мен байқауларға қатысты. 1-4 сыныптар арасында көркем жазу және «Ең үлгілі дәптер» байқауы, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған мәнерлеп оқу сайысы, «Білімді ұрпақ – болашақ тірегі» атты 2- сынып оқушылары арасында интеллектуалдық сайыс, 3- сынып оқушылары арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны, 4- сынып оқушылары арасында «Жас математиктер» командалық сайыстары ұйымдастырылды. Сайыстар мен байқауларда сайыскерлер ойларының ұшқырлығымен, командалық жұмыстарымен, көркем сөз өнерлерімен таң қалдыра алды. Онкүндіктің жабылу салтанатты жиынында жүлделі орын алған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз!