6 «Б» сыныбында «Командалық оқыту арқылы білім сапасын көтеруге болады ма?» тақырыбындағы командалық жұмыс » КГУ"Многопрофильная гимназия имени Шакарима с обучением на трех языках"
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияcы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 32-84-54
Директор:
+7(7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 6 «Б» сыныбында «Командалық оқыту арқылы білім сапасын көтеруге болады ма?» тақырыбындағы командалық жұмыс
05
февраль
2025

6 «Б» сыныбында «Командалық оқыту арқылы білім сапасын көтеруге болады ма?» тақырыбындағы командалық жұмыс

Бүгін, 5 ақпан күні 6 «Б» сыныбында «Командалық оқыту арқылы білім сапасын көтеруге болады ма?» тақырыбындағы командалық жұмыс жоспары негізінде қазақ тілі пәнінен «Жиырма жыл күткен жеңіс» тақырыбындағы ашық сабағы өткізілді.
Сабақ мақсатына сай етістіктің жасалуы мен құрамына қарай бөлінуі, тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдана алуын тиімді оқыту трендтері арқылы үйрету.
Оқушылар алдыңғы сабақтармен салыстырғанда командамен жұмыс істеуге недәуір төселе бастағаны байқалды.
Сабақ басында білім алушылар алақан жылуын досына сыйлау арқылы достық қарым-қатынастарын білдіріп, сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатты. Алдыңғы білімді пысықтау мақсатында «Жалғастыр» әдісімен, есімдік түрлерін анықтады. Тапсырмаларды орындау барысында командалар бір-бірін бағалады, берілген сұрақтарға команда мүшелері «иә», «жоқ» жауаптарын бағалаушылар нақты смайликтерін қойып отырды. Жазылым тапсырмаларын орындауда мәтіннен етістіктердің жасалуы мен құрылымын анықтап, талдауға тырысты. Оқушылар сабақ кезінде бір-бірін тыңдай білді.