07
февраль
2025
2025 жылдың 16-17 сәуір күндері Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы аясында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» тақырыбында мектепішілік ауқымды жоба өткізіледі.
Қымбатты гимназия оқушылары! 2025 жылдың 16-17 сәуір күндері Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы аясында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» тақырыбында мектепішілік ауқымды жоба өткізіледі.
Жобаның мақсаты:
Абай және Шәкәрім шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлылар поэзиясына, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жобаға гимназияның барлық буын оқушылары қатыса алады.
Жоба төмендегі бағыттар бойынша өткізіледі:
1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы. Қазылар алқасы бұл номинацияда оқушы жатқа білетін Абай шығармаларының санына байланысты бағалайды.
2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу. Бұл номинацияда Абай қарасөздерін толық біліп, ерекшеліктерін түсініп, талдай алуы бағаланады.
3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. Бұл номинация бойынша шығарма мәтіндерін жатқа, мәнерлеп айтуы, толық білуі бойынша бағаланады.
4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясында оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.
5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша оқушылардың өз шығармалары бағаланады. Бір өлеңі оқылады.
6. «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.
Жоба жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады:
Бас жүлде – велосипед.
І орын – 30000 (отыз мың теңге)
ІІ орын – 20000 (жиырма мың теңге)
ІІІ орын – 10000 (он мың теңге)
Сонымен қатар, белсенді қатысушыларға басқа да бағалы сыйлықтар табысталады.
Абай елінде, Абай жерінде тұрған соң Абай өлеңдерін әр жастың білуіне атсалысайық!