17
февраль
2025
“Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе” атты кездесу өткізілді
17.02.2025ж. күні Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай абайтану мәселелеріне байланысты “Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе” атты кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: Абайдың шығармашылық мұрасын жаңаша талдау, оның адамзатқа қалдырған өсиеттерін ұғыну, Абай Құнанбайұлының шығармашылығын тереңірек таныту, оның рухани мұрасының маңыздылығын талқылау, абайтанушылардың зерттеулеріне назар аудару.
Кездесу қонақтары:
1. Абай музейінің Абай музейінің аға ғылыми қызметкері, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бейсембинова Гүлназ Талғатқызы
2. «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-шебер, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мұғалімі, «Абайтану» оқулықтарының авторы Нұрлыбаева Жанар Нұрахымқызы
3. «№16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мұғалімі, педагог-зерттеуші, «Абайтану» оқулығы әдістемесінің авторы Жумабекова Рауия Калыбековна
Кездесу басында абайтану ғылымының қалыптасуы, абайтанудың негізін қалаушылар туралы ақпарат берілді. Абайдың мұрасын насихаттап жүрген, абайтануға үлес қосушы қонақтар сөз алып, Абайдың шығармашылық өміріне, көркем әлеміне және ойлау жүйесіне мен психологиясына қатысты дүниелермен бөлісті, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға қатысқан өскелең ұрпақ ой-пікірлерін ортаға салды. Кездесу өте тағылымды, берері мол болды.