21
февраль
2025
"Мектеп аруы – 2025" байқауының мектепішілік кезеңі өтті! ✨

Сұлулық пен өнер, білім мен парасат сынға түскен ерекше байқау өз мәресіне жетті. "Мектеп аруы – 2025" облыстық байқауының мектепішілік кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің жан-жақтылығын, талантын және көркем мінезін көрсете білді.
Байқау 5 кезеңнен өтіп, қазылар алқасы қатысушылардың өнері мен біліміне жоғары баға берді. Қазылар құрамына Семей қаласының жастар ресурстық орталығының маманы - Жаманқұлова Талшын, Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің маманы - Шакен Едіге Мұратбекұлы арнайы шақыртылып, төрелік етті.
"Like time" кезеңі бойынша және қазылар алқасы шешімімен Серікова Айгерім "Көрермен көзайымы" атанды.
🔹 Бас жүлде – Сағидолдина Аружан (10 "В")
🔹 I орын – Төлеуғазы Айзада (10 "А")
🔹 II орын – Амангелдина Айша (9 "Б")
🔹 III орын – Кенжегазина Шырын (10 "Ә")
Сонымен қатар, ерекше белсенділік танытып, өз өнерімен көрерменді тәнті еткен Жақсыбаева Ақниет (10 "Б") және Серікoва Айгерім (9 "А") марапатталды.
Бұл байқау – тек сұлулық сайысы ғана емес, қыздарымыздың өзіне деген сенімін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытатын тамаша мүмкіндік. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы кезеңде де сәттілік серік болсын!