05
март
2025
2025 ж. наурыздың 5-і күні гимназиямызда бастауыш сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінде «The theatre day» - театрлық қойылым қойылды.
2025 ж. наурыздың 5-і күні гимназиямызда бастауыш сынып оқушыларына арналған ағылшын тілінде «The theatre day» - театрлық қойылым қойылды. Театрландырылған қойылымға 3-4 сынып білім алушылары белсенділікпен қатысты. Бұл қойылымда балалар әртүрлі кейіпкерлер мен жануарлардың ролінде ойнап, оларды ағылшын тілінде таныстырды. Қойылым барысында білім алушылар сахнада еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, ағылшын тіліндегі негізгі сөздер мен фразаларды қолдана білді. Бұл олардың сөздік қорын кеңейтіп, сөйлеу дағдыларын нығайтып, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырды.
Театрлық қойылым балалардың командалық жұмыс жасау дағдыларын, жауапкершілікті сезінуін және шығармашылық қабілеттерін дамытуына ықпал етті. Дайындаған: ағылшын тілі мұғалімдері Наурызова Г.Д. Белгібаева М.Д.