20
март
2025
🔸Гимназияда “Ұлыстың Ұлы күні Наурыз, қош келдің!” тақырыбында мектепішілік наурыз мерекесі атап өтілді.
🔸Гимназияда “Ұлыстың Ұлы күні Наурыз, қош келдің!” тақырыбында мектепішілік наурыз мерекесі атап өтілді. Басты мақсат оқушыларға мазмұнға бай, әр түрлі форматтағы шараларды ұйымдастыру арқылы бауырмалдық, жанашырлық, сыйластық, отаншылдық сияқты қасиеттерін дәріптеу. Таң нұрымен бірге мектеп табылдырығын аттаған оқушылары мен мұғалімдерін гимназияның домбырашылар оркестрі қарсы алды. Бастауыш сынып оқушылары мерекелік әннен шашу шашты. Мектеп фойесіндегі бір қанатта оқушылардың шығармашылығымен орындалған киіз макеті мен мерекелік дастархан орналасса, бір қанатында ұлттық өнерді дәріптейтін қолөнер туындыларынан көрме қойылды. Оқушылар жаңа күннің, жаңа жылдың бейнесін сахналап, Қыдыр атаның батасын алды. Осылайша ынтымақтастық негізі қаланып, мерекелік көңіл-күймен оқушылар мен мұғалімдер сабақтарына тарады