20
март
2025
Гимназияда 8-сынып оқушылары «Ұлттық ойындар – халық мұрасы» тақырыбында спорттық-тәрбие сағаттарын өткізді.
Гимназияда 8-сынып оқушылары «Ұлттық ойындар – халық мұрасы» тақырыбында спорттық-тәрбие сағаттарын өткізді. Сабақты сынып жетекшілері мен дене шынықтыру мұғалімдері бірлікте өткізді. Шараның басты мақсаты - оқушыларға халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы туралы мағлұмат беру, қызығушылықтарын арттыру. “Қара жорға” биімен бой қыздырған оқушылар ұмыт болып бара жатқан ойындарды жаңғыртып, танымал ойындарда жүйрікті анықтады. “Тақия тастамақ”, “Ақшымшық”, “Соқыр теке”, “Сиқырлы таяқ” ойындарының ережесімен таныса отырып, өздері ойын қызығына батты. Берекесі келіскен топтардың қызығы “Арқан тарту” ойынымен аяқталды. Қатысушылар ұлттық ойындарды ойнаумен өткізген күндерін көпке дейін естен шығара алмайтындары анық.