20
март
2025
Гимназияда 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Наурыз базарлық» атты қайрымдылық акциясы өткізілді.
Гимназияда 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Наурыз базарлық» атты қайрымдылық акциясы өткізілді. Оқушылар үйден дайындап, пісіріп әкелген тәттілерін, кәдесыйларын қолжетімді бағамен саудалады. Жәрмеңкеден оқушылар да, мұғалімдер де, кіші қызметкерлер де құр қол қайтпай, базарлық алып қайтты. Саудаласудың дағдыларын меңгеруге тырысқан оқушылардың жақсы көңілдері жәрмеңкенің көркін қыздырды. Оқушылар жәрмеңкеден түскен 36100 (отыз алты мың бір жүз) теңгені мұқтаж жандардың қажеттілігіне жиналып жатқан “Жылу” жәшігіне салды.