07
апрель
2025
7.04. күні “EcoLab: табиғатты танып, болашақты болжа" тақырыбындағы жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығы басталды.
07.04. күні “EcoLab: табиғатты танып, болашақты болжа" тақырыбындағы
жаратылыстану пәндер бірлестігінің апталығы басталды. Бірлестік мұғалімдері оқушыларды қарсы алып, оларға химия, биология, география пәндерінен қызықты сұрақтар қою арқылы, іс-шараға тарта білді. Қазақтан шыққан ұлы ғалымдарымыз биолог М.Ә. Айтқожин, геолог Қ.И.Сәтбаев, химик Б.А.Бірімжанов туралы ЖИ арқылы ақпаратпен таныстырылды. Үзіліс кезінде биология пәні мұғалімдері Нугманова А.Б., Советқалиева М.А. ұйымдастырған
"Жаратылыстану ғылымдарын танып біл!" танымдық викторинасы ойнатылды. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, биология пәнінен сұрақтарды жауаптарымен сәйкестендірді. Тапсырма “Лабиринт” әдісімен орындалды.